Көркемдік кеңес

"Jibek Joly\Silk Way" арнасы телевизиялық жобаларға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Өтінімдерді қабылдау аралығы: 2023 жылғы 17 қаңтар – 2023 жылғы 10 ақпан.

Келесі жанрлар қарастырылады:

- деректі фильмдер;

- көркемдік-қойылымдық бағдарламалар;

- реалити;

- ойын-сауықтық жобалар;

- ойын шоуы;

- викторина.

Шығармашылық кеңестің отырысында қарастырылатын жобалар үшін ұсынылатын қажетті құжаттар:

- ілеспе хат;

- жобаның толық тұжырымдамасы (жанры, хронометражы, мақсаты, құрылымы) ;

- компания портфолиосы;

- жобаның пилоттық нұсқасы (тизер);

- өндірістегі күрделі жобалар үшін, сценарий жоспары қажет.

Өтінімдер This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасы арқылы қабылданады.

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, жоба қарастырылмайды.