Көркемдік кеңес
"Jibek Joly\Silk Way" арнасы телевизиялық жобаларға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Өтінімдерді қабылдау аралығы: 2023 жылғы 17 қаңтар – 2023 жылғы 10 ақпан.
Келесі жанрлар қарастырылады:
- деректі фильмдер;
- көркемдік-қойылымдық бағдарламалар;
- реалити;
- ойын-сауықтық жобалар;
- ойын шоуы;
- викторина.
Шығармашылық кеңестің отырысында қарастырылатын жобалар үшін ұсынылатын қажетті құжаттар:
- ілеспе хат;
- жобаның толық тұжырымдамасы (жанры, хронометражы, мақсаты, құрылымы) ;
- компания портфолиосы;
- жобаның пилоттық нұсқасы (тизер);
- өндірістегі күрделі жобалар үшін, сценарий жоспары қажет.
Өтінімдер Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасы арқылы қабылданады.
Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, жоба қарастырылмайды.
