Қазақстанда Ұлттық қордың активтерін басқару тұжырымдамасы әзірленді
Бұл қаржы ең алдымен «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын тиімді іске асыруға бағытталмақ. Қазір активтерді басқару бойынша арнайы тұжырымдама әзірленуде. Ол 7 жылға есептелген. Құжатта жинақ портфелінің негізін, яғни 60%-ін облигациялар құрайтыны атап өтілген. 30%-ті акцияларға тиесілі болса, онға тарта проценті алтын және басқа да балама құралдардың үлесіне тимек.
Айта кетейік, жаңа бөлу әдісі дамыған елдердің мемлекеттік облигациялар портфелін кеңейтуді және басқа да бағалы қағаздарды әртараптандыруды көздейді. Тұжырымдаманың өзі инвестициялық үрдістің негізін қалайды. Сондай-ақ активтерді басқару тиімділігінің көрсеткіштерін анықтайды. Жобаны кеңінен талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.