Үкіметте тау-кен және газ саласын дамыту шаралары қаралды

Үкіметте тау-кен және газ саласын дамыту шаралары қаралды

Алдағы қауырт маусымда отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу үшін заманауи сандық шешімдер қолданылады.

Бұл тәсіл сауданы реттеумен қатар сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу және көмірді тұтынушыларға біркелкі бөлінуін қамтамасыз етудің қамы деді, Премьер-министр Әлихан Смайылов. Сондай-ақ, кеңесте газ және газ конденсаты кен орындарын игеру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету шаралары, шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын жетілдірудің өзекті мәселелері қаралды.