Тікелей эфир (1)

Тікелей эфир

Jibek Joly – еліміздегі тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарна.
Телеарна HotBird 13B, Galaxy 19 и MEASAT 3A жерсеріктерінің байланысы арқылы 4 құрлықты, 118 мемлекеттегі көрерменін эфирімен қамтиды. Телеарнаның 100% телетуындысы отандық өнім санатына жатады.
Тұтастай алғанда телеарна дәл қазіргі кезеңде 300 миллион көрермендеріне өнімдерін ұсынып отыр. Телеарна бағдарламалары мәдениет, дәстүр, тарих және елдің туристік және инвестициялық әлеуеті секілді сан саланы қамиды.
Телеарна алғаш рет 2002 жылы 25 қазанда Caspionet атауымен көрермендеріне жол тартты. Елдің ішкі және сыртқы имиджін қалыптастыру мақсатында 2012 жылы 1 қыркүйекте телеарна атауы «QAZAQ TV» болып өзгертілді. 2016 жылы қыркүйекте «QAZAQ TV» мен «Білім және Мәдениет»телеарналары біріктіріліп, «QAZAQ TV» бренді аясында бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді.
Телеарна 2017 жылдың 16 қарашасынан бастап, көпканалды телехабарлар тарату жүйесіне көшіп, қазақ, орыс, ағылшын тілінде бірдей эфирге шығатын дәрежеге жетті. 2018 жылдың 1 мамырында телеарна қырғыз тілінде хабар тарата бастады.
Осы көпканалды жүйе әрбір көрерменнің өзіне қажетті тілді таңдап, барлық бағдарламаны 100% қамтып, қарауға мүмкіндік берді. Жаңа формат Қазақстан аумағы мен әлемнің әр түкпірінен кез келген сағатта тәулік бойы телеарнаны көруге жол ашты.
Ағылшын тіліндегі телеарна бағыты шетелдіктердің Қазақстан туралы танымын кеңейтіп, көптеп көрермен жинауға ықпал ете бастады. Сонымен қатар Қазақ елінің мәдениетін, тарихын, туристік және инвестициялық мүмкіндіктерін әлем көрермендеріне ұсынудың тиімді тәсіліне айналды.

Read more...
Subscribe to this RSS feed