Freedom Finance Europe Ltd. және Freedom Finance Global PLС компанияларына S P Global Ratings агенттігінің рейтингісі берілді

Freedom Finance Europe Ltd. және Freedom Finance Global PLС компанияларына S P Global Ratings агенттігінің рейтингісі берілді

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Freedom Holding Corp. компаниясының бірден екі еншілес компаниясына эмитенттің «B» деңгейдегі ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін берді. Freedom Finance EuropeLtd. және Freedom Finance Global PLС компанияларына қатысты болжам – «тұрақты».

Сондай-ақ бұл екі компанияға эмитенттің «В» деңгейдегі қысқамерзімді кредиттік рейтингісі берілді.

Тимур Турлов, СЕО Freedom Holding Corp.:

- Біздің тағы екі еншілес брокерлік компаниямызға S&P Global Ratings компаниясының ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредиттік рейтингілер бергені туралы жаңалық бүкіл топ үшін, сөзсіз, аса маңызды. Әсіресе Freedom Finance Global компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында небәрі бір жыл бұрын тіркелді, ал толыққанды қызметін тек 2020 жылдың соңында бастады. Алайда осыншама көп уақыт өтпесе де, біз дамудың серпінді қарқыны жайында сенімді түрде айта аламыз. Сонымен, ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компанияда 15 мыңнан астам клиенттер шоты ашылды, 348 мыңнан астам мәміле жүзеге асырылды. Freedom Finance Europe атынан біздің еуропалық брокеріміздің қызметі едәуір нәтиже көрсетті. Біз қазір холдингтің барлық қалған юрисдикциясына қарағанда ЕО-да көбірек шот ашып жатырмыз. Қазіргі таңда еуропалық клиентіміз 60 мыңнан астам. Бұдан бөлек, Еуропада орташа чек әлеуеті тым жоғары.

Агенттік Freedom Holding Corp. компаниялар тобы кез келген айқын жағдайларда осы еншілес компанияларға қолдау көрсетеді деп күтеді, себебі олар топтың операциялық процестеріне терең біріктірілген.

«Ішкі шоттарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын шетелдік қаржы құралдарымен сауда жасауға қойылатын реттеушілік шектеулерді ескере отырып, топ АХҚО-да лицензиясы бар Freedom Finance Global компаниясы қазақстандық клиенттерді тартады деп күтеді. Бұл клиенттерге, тіпті Қазақстан аумағынан тыс кейбір клиенттерге де қазіргі уақытта белиздік FFIN Brokerage Services компаниясы арқылы қызмет көрсетіледі. Біз, сондай-ақ, Freedom Finance Global теңгеріміне «Фридом Финанс» АҚ-ның еншілес компаниясының бөлшек бизнесі өтеді деп күтеміз. Freedom Finance Global сәйкесінше, Қазақстанда біртіндеп бөлшек брокерлік бизнеспен айналысатын негізгі еншілес компания атанады»,деп агенттік есебінде атап өтілді.

Өз кезегінде Freedom Finance Europe ЕО елдерінде, Ұлыбританияда және ТМД-ның кейбір елдерінде топ бизнесінің дамушы бағыттарында жұмыс жасайтын компаниялардың шағын тобын басқарады. Компания, сондай-ақ, FFIN Brokerage Services компаниясы үшін брокерлік қызметтердің негізгі контрагенті ретінде қатысады. Нәтижесінде ол бүкіл топ үшін негізгі пайда көздерінің бірі болып табылады, оның үлесіне жиынтықты кірістің 65% келеді.

«Біз Freedom Finance Europe компаниясы топ құрамында ұзақмерзімді перспективада аса маңызды ұйым мәртебесін сақтайтын шығар деп болжаймыз», деп агенттік пікір білдірді.

S&P Global Ratings болжауынша, таяудағы 12-18 айда топ пайданы түрлендіру қабілеттілігін және жоқ дегенде оншорлық юрисдикцияларға жататын клиенттерді қабылдауды жалғастыра отырып, капиталдандырудың бірқалыпты көрсеткіштерін сақтайды.

Сонымен, бүгінгі күні топтың төрт брокерлік компаниясының кредиттік рейтингілері бар. Бұған дейін маусым айында S&P Global Ratings агенттігі «Фридом Финанс» ИК ЖШҚ-ның (Ресей Федерациясы) және «Фридом Финанс» АҚ-ның (Қазақстан Республикасы) ұзақмерзімді кредиттік рейтингілерін «В-» деңгейден «В» деңгейге көтерді. Болжам – «тұрақты». Сондай-ақ агенттік екі компания үшін де эмитенттердің «В» деңгейіндегі қысқамерзімді кредиттік рейтингілерін растап, «Фридом Финанс» АҚ-ның рейтингін ұлттық шкала бойынша «kzBB» деңгейден «kzBB +» деңгейге көтерді.