Шетел компаниялары Қазақстан нарығынан кетіп жатқан жоқ – Қайрат Келімбетов

Шетелдік компаниялар Қазақстан нарығынан кетіп жатқан жоқ.

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, қазір орталық жүйесінде 1200 шетелдік компания тіркелген. Олардың 5% Ресейдікі. Жиынға қатысушылар Қаржы орталығының инвестициялық ахуалды жақсартудағы ролі мен санкциялардың отандық нарыққа кері ықпалы жайында сөз қозғады.

Ақпарат көзі: 24.kz