Қытай «Достық – Алашаңқай» халықаралық өткелі бағытында жаңа жүк бағыттарын енгізуде

Қытай «Достық – Алашаңқай» халықаралық өткелі бағытында жаңа жүк бағыттарын енгізуде

Қытай Қазақстанмен шекарада орналасқан Достық – Алашаңқай халықаралық өткелі бағытында жаңа жүк бағыттарын енгізуде. Халық Республикасы Теміржол компаниясының хабарлауынша, бұл «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша теміржол жүк тасымалы көлемін арттыру аясында қолға алынды.

Қытай көлік-логистикалық компаниялары өкілдерінің айтуынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 3 жарым мыңнан астам жүк пойызы және 350 мың контейнер жөнелтілген. Халықаралық бағытта тасымалданатын тауарлардың дені –  автомобиль бөлшектері мен электрондық өнімдер. Еске салып өтсек, «Достық – Алашаңқай» халықаралық өткелі – Еуропа мен Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы маңызды буын. Қытай бағытындағы теміржол дәліздері транзиттің өсуіне сай дамитыны хабарланған болатын.

 

Автор: Гүлбану Тәжібек