Қытай мен Германия арасында жаңа теміржол бағыты Қазақстан арқылы өтеді

Қытай мен Германия арасында жаңа теміржол бағыты Қазақстан арқылы өтеді

Қытай мен Германия арасында іске қосылған жаңа теміржол бағыты Қазақстан арқылы өтеді. Маршрут Қара және Каспий теңіздері арқылы аралас теміржол және теңіз көлігі арқылы жүргізіледі. Спорт тауарлары, киім-кешек және төсек-орындары бар алғашқы пойыз халықаралық Сиань портынан жөнелтілді. Пойыз Әзербайжан, Румыния, Венгрия, Словакия және Чехия елдері арқылы да жүреді. Транзиттік бағыттың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымнан асады, ал, жүк бұл қашықтықты 20 күнде еңсереді. Отандық логистикалық компаниялар, жүк тасымалдаудың мұндай жаңа бығыты, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, жаңа нарықтар ашады деп үміттеніп отыр.

Ерлан Төлендиев, «KTZ ЕXPRESS» АҚ «Оңтүстік» филиалының директоры:

– Қытайдың тауарлары біздің шекараға дейін теміржолмен келеді. Ол жүктерді өзіміздің контейнерлерге тиеп, Әзірбайжан портына апарып, оны сол жақтан теміржол вагондарына тиеп, әріқарай Грузияның порттарына апарады. Тағы да оны Қара теңіз арқылы Констанса портына теңіз көлігі арқылы жеткізіп беріп отырамыз. Бұл теміржол саласына да, теңіз тасымалына да оң әсерін етеді. Жүк көбейген сайын оның экономикалық әсіре оң болады.