Қызылордалық диқандар күріштің орнына картоп пен қарбыз өсіреді

Қызылордалық диқандар күріштің орнына картоп пен қарбыз өсіреді

Күріштің орнына картоп пен қарбыз. Егістік алқаптарын әртараптандыру аясында Қызылорда облысының диқандары ылғал үнемдейтін дақыл өсіруге көшуде. Осылайша, Қармақшы ауданында алты жүз гектарға жуық жерді игеру жоспарланған.

Әділбек Ерсұлтанов, Қармақшы ауданының әкім:

– Бұған дейінгі бақшаның көлемі 400 гектардай болатын болса, биыл 600 гектарға жеткізіп отырмыз. Яғни 200 гектарға біз көбейтіп отырмыз. Оның ішінде шаруашылықтардың биыл ерекшелігі бұрынғы күріш еккен алқаптардың, атыздардың ішін қазіргі таңда бақша өнімдеріне ектіртіп жатырмыз.

Серік Бейісов, Алдашбай ахун ауылының тұрғыны:

– Жапсақ, күнді 2 есе тартады екен жердің астына. Сосын тез шығарады. Біздің мәселе, Жаңақорған, Шымкентке жетіп алу, солар сияқты бізде сатып, өнімімізді сыртқа шығару. Тезірек пісіру үшін пайдалану.

Биылғы ауыл шаруашылығы маусымында су тапшылығына байланысты облыста күріш алқаптары  5 мың гектарға қысқарған. Әртараптандыру ылғал көлемін ұтымды пайдалануға және халықты сұранысы жоғары өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, дейді мамандар.