Қыркүйекте Атырау облысында жаңа жел электр стансасы жұмысын бастайды

Қыркүйекте Атырау облысында жаңа жел электр стансасы жұмысын бастайды

Жуырда Атырау облысында жаңа жел электр стансасы іске қосылады. Қазір 500 гектардан астам аумаққа 24 жел генераторының қадасы қағылды. Екі жыл бұрын құрылысы басталған нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі. 31 мыңнан астам тұрғыны бар, 3 елдімекен мен 2 кент орналасқан Мақат ауданында электр қуатына сұраныс жоғары. Себебі, мұнайлы өңірде жаңа өндіріс орындары жыл санап көбейіп келеді. Жоба толық жүзеге асқанда бұл жел электр стансасы сағатына 48 мегаВатт-қа дейін қуат бере алады. Бұл аймақтағы екі ауданды қамтуға жетеді,- дейді мамандар.

Берлібек Айтқожаев, учаске басшысы:

– Бізде енді құдай қаласа, жоба 70 процентке аяқталып тұр. Бұл жерді таңдаған себебіміз, үнемі жел болып тұрады. Қажетті заттардың барлығы жеткілікті. Адамдар бәрі бар. Құдай қаласа, сол белгіленген уақытта бітіруге әрекет жасап отырмыз.