Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 97 доллардан төмен түсіп кетті

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 97 доллардан төмен түсіп кетті

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір тәулікте барреліне 97 доллардан төмен түсті. Бұл 16 наурыздан бері болған алғаш жағдай.  Лондон қор биржасының сауда қорытындысына сәйкес, қыркүйек фьючерстерінің құны шамамен 2%-ке арзандады. Тамыз айында жеткізілетін WTI мұнайы барреліне 94 долларға саудаланады. Еске сала кетейік, баға ұсыныстарының төмендеуіне Америка Құрама Штаттарындағы мұнай қоры туралы жарияланған деректер әсер етті. Елдің Энергетика министрлігінің мәліметінше, «қара» алтынның қоры 3 миллион баррельден астамға өсті. Ал, сарапшылардың пікірінше, ол төмендеу керек еді. Сондай-ақ, құрама штаттағы қоймаларда 6 миллион баррельге жуық жанармай бар. Сарапшылардың айтуынша, ведомствоның статистикасы нарықтағы сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.