Қазақстанда киножобаларды қаржыландыруға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстанда киножобаларды қаржыландыруға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Отандық киноөндіріс саласын дамытуға 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталады. Биыл ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген байқау қорытындысы бойынша 62 киножоба қаржыландырылады. Негізінен әлеуметтік маңызы бар анимациялық фильмдер түсіруге басымдық берілмек. Бөлінген қаржаттың шамамен 500 миллион теңгесі жас кинематографистердің жұмыстарына жұмсалады. Жыл сайын сала жас дарын иелерімен толығып тұрады. Биылғы байқауға кәсіби жолын енді бастаған мамандардан ондаған дебюттік жұмыс түскен. Жалпы осы жолы 208 киножобала ашық қорғауға  жіберілген. Сарапшылар жас кинематографистер үшін өмірге жолдама бола алатын бюджеттік жобаларға артықшылық беруге тырысқандарын айтады. Кең көрермен аудиториясына арналған фильмдерде назарсыз қалмайды. Бұл орайда 129 жарым миллион және бірлескен өндірістік жобаларға 25 миллион теңге бағытталады.