Қазақстан мен Корея ынтымақтастығы

Қазақстан мен Корея ынтымақтастығы

Қазақстан мен Корея сан саладағы ынтымақтастығын тереңдетуге уағдаласты. Бұл туралы Сеулде Корея аймақтары мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған форумда сөз етілді. Корея тарапы әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты Қазақстанға логистикалық бағыттарды қайта қарайтынын жеткізді. Мамандар Үндістан, Иран және Пәкістан арқылы өтетін жолдарды назарға алған. Білім, ІТ, медицина салаларындағы ықпалдастық та назардан тыс қалмады. Қазақстанда Корея университеттерінің  филиалдарын ашу немесе студенттерге қашықтан оқуға мүмкіндік беру туралы ұсыныстар айтылды.

Ом Гу Хо, Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры:

– Пандемиядан кейін Орталық Азия елдері қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде, сондықтан мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларының айтарлықтай өсуі күтілуде. Корейлік бизнес осыған назар аударуы керек. Мысалы, Қазақстан мен Өзбекстанда смарт қалалар мен смарт фермалар сияқты инфокоммуникациялық технологиялар мен цифрлық экономикасы бар жобаларға қызығушылық жоғары. Орталық Азиядағы жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша стартаптар мен жобаларды қолдау қажет.