Қазақстанның экспорттан түскен табысы ұлғайды

Қазақстанның экспорттан түскен табысы ұлғайды

Қазақстанның экспорттан түскен кірістері артты. Бірінші кредиттік бюро сарапшылары жүргізген есеп бойынша, маусым айында еліміз 8 миллиард доллардың тауарларын сырт нарықтарға сатқан. Бұл – рекордтық нәтиже және өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден 45 процентке көп. Экспорттық табыстың өсуіне негізінен мұнай сатылымдарының ұлғаюы әсер еткен. Мәліметке сәйкес, елімізден Италия, Оңтүстік Корея, Франция және Ұлыбританияға қара алтын жеткізілімдері артқан. Бұған қоса, отандық химия өнімдерінің, көмір мен металл сатылымдарынан түскен табыс та еселенген. Ал Қазақстанның импортқа жұмсаған шығындарының маусым айында 10,5 процентке өскені байқалады. Атап айтар болсақ, маусым айында еліміз 4 миллиард 300 миллион доллардың тауарларын сырт мемлекеттерден сатып алған. Негізінен шетелден жеңіл автокөліктер, коммуникациялық құрал-жабдықтар, телефондар әкелінген.