Жетісай жүзіміне сұраныс жоғары

Жетісай жүзіміне сұраныс жоғары

Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында жүзім теру науқаны басталды. Биыл өнім молынан берілді деп диқандар дән риза. Олар  448 гектар аумақтан бес мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Терілген жемісті жөнелтуге дайын нарықтар да әзір тұр. Себебі аймақтың тәтті өніміне сұраныс жоғары.

 Нұртас Тұрсынбеков, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі уақытта мың тоннадан астам өнім жиналды. Жүзім дақылынан алынған өнімдер өзіміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының базарларында сатылуда.

 Жергілікті жүзім алқаптарында «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Академик», «Дубовский» сынды 9 сұрып  егілген.  Өнімділікті арттыру мен суды үнгемдеу қамында тамшылатып суару әдісі қолданылады.

Раух Непалиев, шаруашылық басшысы:

– Дайын өнімді Шымкент қаласындағы базарларға өткіземіз. Сондықтан арасында Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларына жібереміз. Ол жақта баға жақсы. Ресейге шығарсақ деген де ойымыз бар.