Қазақстан жеміс-көкөніс өнімдерінің импортын азайтады

Қазақстан жеміс-көкөніс өнімдерінің импортын азайтады

Қазақстан жеміс-көкөніс импортын азайтады. Әсіресе маусымдық өнімдерді сырттан сатып алу көлемі қысқарады. Бұл үшін арнайы инвестициялық жобалар қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуда. Басты мақсат - дәстүрлі бағбандықтан гөрі заманауи әдістерге көңіл бөлу. Бұл алма сынды жемістердің өнімділігін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, 2025 жылға қарай шаруалар бұрынғыдай 7 тонна емес, 30 тоннаға дейін жинай алмақ. Алдағы үш жылда көкөніс қоймаларының санын арттыруға назар аударылып, кәсіпкерлерді ынталандыру шаралары қарастырылмақ.

Азат Сұлтанов, ҚР АШМ егіншілік департаментінің директоры:

– Қазір біз картопқа деген сұранысты толықтай жауып отырмыз. Бірақ маусымаралық кезеңде тапшылық туындап жатады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ірі көлемді көкөніс қоймаларының құрылысына ынталандырамыз. Осылайша, ел ішінде жиналатын өнімдер ішкі нарық сұранысын қанағаттандыруға бағытталады да, маусымаралық сұраныс толықтай жабылады. Ал артығы экспортқа жөнелтіледі.