Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің Ұлттық банкі Tilashar коллекциялық монеталарын сатылымға шығарды. Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған теңгелер «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады. Монеталардың екінші бетінде мектеп атрибуттары, балалар бейнесі берілген. Атап өтерлігі, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында соғылған.