Қазақстанда егін жинау науқаны жүріп жатыр

Қазақстанда егін жинау науқаны жүріп жатыр

Қазақстандық диқандар биыл 13,5 млн тоннаға дейін бидай жинауды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15-20%-ке артық. Елімізде жаппай орақ науқаны аяқталуға жақын. Мәселен, республиканың солтүстігінде әр гектардан 14 центнерден өнім алынады. Облыста жалпы астық түсімі төрт жарым миллион тоннаға жетеді деп күтілуде.

Мейрам Меңдібаев, облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасының Басшысы:

– Дәнді дақылдардың 3,1 миллион гектарының бүгінде 2,9 миллион гектары орылды. Жиналған алқап шамамен 94,1% құрады. Майлы дақылдардың бүгінде 350 мың гектарға жуық алқап жиналды. Бұл жалпы аумақтың шамамен 36% құрайды. Орташа өнімділік гектрына 7 центрнерді құрайды.

Ал, Қостанай облысының диқандары 4 миллион тоннадан сәл астам бидай жинады. Облыс бойынша орташа түсімділік гектарына 11 центнерден асты. Мамандар, ең алдымен, жоғары көрсеткіштерді ауа райының қолайлығымен байланыстырып отыр.

Кенже Жұмандықов, Облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасының Бас маманы:

– Егін науқаны облыс бойынша осы аптада аяқталады деп сенеміз. Ол дәнді дақылдар ғана. Жангелдин ауданы егін науқанын бітірді. Майлы дақылдарын ғана жинап жатыр. Осы жақында аяқтайды. Өйткені егістік көлемдері аз болғасын. 95 процент орған аудандар ішінде Науырзым, Амангелді ауданы.

Ақмола облысында да орақ науқаны аяқталуға жақын. Аймақта егін жинау жұмыстары осы демалыс күндері толығымен бітеді деп жоспарлынып отыр. Диқандардың есебі бойынша, 5 миллион тоннаға жуық сапалы бидай бастыра алады.

Еркеш Әленов, Облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасы Басшысының орынбасары:

– Биылғы жылы Үкімет тарапынан көмек арзандатылған жанармай 83 мың тоннаны құраған болса, қазіргі таңда 72 мыңы шаруашылықтарға жеткізілді. Қалған 17 мыңы келісім-шартқа отырып, қазір осы сентябрь айында жеткізілетін болады.

Ал, Ақтөбе облысының диқандары бұрын-соңды болмаған егін жинауда. Алдын ала есеп бойынша биыл өңір бойынша орташа өнім гектарына 15 центнерді құрап отыр. Ал кейбір облыстарда бұл көрсеткіш екі есе жоғары.