Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін өзгерістер күтіп тұр

Атап айтқанда, келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа ережелер бойынша субсидия алатын болады. Олар арнайы құрылған жұмыс тобы аясында талқыланды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Негізгі өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялау бағыттары мен түрлеріне қатысты болады. Оның ішінде, жемшөп бойынша пішен мен кебекті және тек төтенше жағдай басталған кезде немесе ауа райының қолайсыз жағдайларында ғана субсидиялау ұсынылды. Тағы бір жаңалықтың бірі, мемлекеттік қолдау алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізілмек. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша ұлттық жоба аясында бағдарламаны қаржыландырудың үш жылдық көлемі 90 млрд теңге көлемінде қарастырылған.