БАӘ-нің Қазақстанға салған инвестициясы екі есеге артты

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінен тартқан инвестиция көлемі екі есеге артты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы алғашқы жартыжылдықта қол жеткізіп үлгерген көросеткіш. Осы уақыт аралығында аталмыш ел біздің экономикаға 129 мың доллар құйған. Өзара тауар айналымына келсек, тараптар қаңтар-тамызда 550 миллион доларға сауда жасасқан. Бұл ретте 515 милион доллары экспорттың үлесінде.

Яғни, инвестиция, суда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда екі жақты ынытымақтастық әлеуеті кеңейіп келеді. Бүгінде білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, энергетика, баламалы қуат көздері, тау-кен металлургия кешені, көлік және логистика, құрылыс салаларында бірлескен жобалар қолға алынған. Еске сала кетейік, жақында Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне Каспийдегі порттың дамуын қолдауды ұсынған болатын. Жобаны жеке инвестициялар есебінен іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай Ақтау теңіз айлағы және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында контейнерлік хаб құру көзделген. Осының арқасында контейнерлік тасымалдау көлемін 40 мыңнан 215 мыңға дейін ұлғайту межеленіп отыр.