Қазақстан уран өндіру бойынша бес жыл қатарынан алғашқы орында

Қазақстан уран өндіру бойынша бес жыл қатарынан алғашқы орында

Қазақстан дүниежүзінде уран шығарудан алғашқы орында. Биылдың өзінде елімізде 16 мың тоннаға жуық уран өндіріліп, оның 14 мыңы экспортталған. Металл АҚШ, Канада, Ресей, Қытай сынды алпауыт елдер мен Еуроодаққа саудалануда.

Қазақстанда уранды өндіру әдісі өзгеше. Яғни, шикізатты жердің астынан қазып алмай, алдымен арнайы құбырлар арқылы уранды жібітіп, кейін ол сұйықтық күйінде сыртқа шығарылады. Сұйық күйінде жер бетіне көтерілген уран құбыр арқылы зауытқа жеткізіледі. Ал, зауытта өнімді ұнтаққа айналдыру процессі жүреді.

Ардақ Оспанов, геотехнологиялық алаңның басшысы:

қаз Біздің әдіс, осы жер асты ұңғымалық әдісі дәстүрлі әдістерге қарағанда. Яғни, шахталық, немесе карерьлік әдістерге қарағанда табиғатқа кері әсері өте аз. Өйткені біз мұнда тау-кенді жер бетінен көтермейміз. Жатқан жерінен өңдеп, құрамындағы уранды ғана жер бетіне көтеріп аламыз.

Мамандардың айтуынша, уран жерден шыққан соң, оның орнын өзге сұйықтықпен толтырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, оның жер бетіндегі тіршілікке де еш зияны жоқ.

Ғалым Нұрәлиев, өндіруші мекеме директорының орынбасары:

Уран өндірісі біткеннен кейін бұл жердегі кен орны, комуникация дейміз ғой, трубалар алынғаннан кейін, 3-5 жылдан кейін бұл жерге қайта оралады, өсімдіктер, жануарлар дейді. Қайтіп өзінің ретіне келтіріледі.

Бүгінгі таңда республикада 26 кен орны жұмыс істеп тұр. Айта кетерлігі, елімізде қолданылатын әдіспен игеруге болатын әлемдік уран қорының 65%-тен астамы Қазақстан аумағында жатыр.