Шымкенттің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 328 млрд теңгені құрады

Қазақстанның ірі мегаполисі - Шымкент ең көп инвестиция құйылатын елдегі үздік үш аймақтың бірі. Тек биылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ғана шұрайлы шаһардың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі  328 миллиард теңгені құрады.  Бұл  2021 жылдың сәйкес кезеңінен 25%-ке артық. Еenergiprom порталы ұсынған мәліметтерге сай, салынған қаржының негізгі дені құрылыс жұмыстарына және ғимараттар мен нысандарды күрделі жөндеуге бағытталған. Нақты айтсақ, 80%-тен астамы өңірде белсенді түрде дамып жатқан құрылыс саласына жұмсалған. Әсіресе, сектор биыл қарқын ала түскен. Бірден 40% өсім көрсетті. Әлі де әлеует баршылық. Қазіргі таңда бұл салада 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Жалпы, құрылыс халықты жұмыспен қамтамасыз ететін үздік 5 саланың қатарына кіреді.