Мәжіліс ҚР мен БАӘ арасында инвестицияларды қорғауға арналған келісімді мақұлдады

Егемен Қазақстан

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері инвесторларын қолдау мен қорғау шаралары күшейтіледі. Мәжіліс осыны көздейтін келісімді мақұлдады. Құжат тараптардың іскерлік ынтымақтастығын ынталандыруға бағытталған. Бұл бекер емес. Қазақстан Парсы шығанағындағы негізгі серіктесімен жалпы құны 5,3 миллиард доллар болатын 28 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Әмірліктерден биылдың алғашқы жартысында келген инвестициялар ағыны былтырдың сәйкес кезеңінен 2 есе артып, 128 милион долларды құрады. Бұл ел 2005-ші жылдан Қазақстан экономикасына үш миллиард доларға жуық қаржы құйған. Мемлекеттеріміз осы жылдың 9 айында 558 миллион долларға сауда жасасып, тауар алмасқан.

Роман Василенко, ҚР СІМ орынбасары:

Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау инвестииялық қызметті жүзеге асыру үшін инвесторлардың құқықтарына кепілдіктерді бекіту жолымен ынтымақтастық үшін құқықтық шеңберлер құруды көздейді. Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және елдер арасындағы өзара тиімді сауда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.