Ұлттық банк макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады

Қазақстанда экономикалық қалпына келу процесі 2023 жылдың екінші жартысынан басталып 2024 жылы жалғасады.  Ұлттық Банк жүргізген  сарапшылар қоғамдастығы арасындағы кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесі осыны көрсетіп отыр.  Сарапшылардың экономикалық өсім бойынша болжамы  өзгеріссіз қалды. 2023 жылы күтілетін өсім көрсеткіші 3,8%, ал 2024 жылы  шамасында 4% болмақ. Ал инфляция бойынша болжам қайта қаралды. Сарапшылар 2022 жылғы инфляцияны  18,5%-тен 19%-ке ауыстырды. Дегенмен 2023 жылы 11,2% төмендеуі күтіледі. Ал базалық мөлшерлемеге келсек жылдық ставка орта есеппен  13,9% құрайды деп күтілуде. Қаржылық реттеуші жүргізген сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірген.

Айта кету керек, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамы қарастырылмаған.