Опек+ мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды

Опек+ мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлімін тәулігіне 2 млн баррельге дейін қысқарту туралы қазан айындағы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ халықаралық ұйым қажет болған жағдайда нарықтағы ахуалға сәйкес ұсыныс пен сұранысты реттеу шараларына дайын екендерін мәлімдеді. Ал ОПЕК+ елдерінің келесі отырысы 2023 жылдың 4 маусымына белгіленді. Бұл туралы мұнай өндіруші елдер бірлестігінің ресми сайтында жарияланды. Айта кетейік,  әлемде мұнай өндірісін қысқарту шаралары 2020 жылдың мамыр айынан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Аталған кезеңнен бастап қара алтын өндірушілер мұнай өндірісін тәулігіне  9,7 млн баррельге дейін қысқартқан болатын. Бұған пандемия да өз әсерін тигізді. 2022 жылы альянс  өндірісті біршама көтергенімен, қарашадан бастап тағы да тәулігіне 2 млн баррельге төмендетуге мәжбүр болды. Ал Қазақстанға келсек, еліміз халықаралық келісім шеңберінде мұнай өндірісін тәулігіне 78 мың баррельге қысқартады. Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, 2023 жылы Қазақстан 92 млн тонна мұнай өндіруді көздеп отыр.