Үкімет 2022 жылды қорытындылап, алдағы басым бағыттарды жария етті

2025 жылға қарай республикалық автотрассаны 100%-ін және жергілікті жолдарының 95% нормативтік жағдайға келтіру, сондай-ақ 52 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту көзделуде. Бұл туралы Үкіметтің  өткен жылғы жұмысын қорытындылау есебінде айтылды.  Келер жылы көзделіп отырған басты мақсаттардың бірі: импорт тәуелділігінен арылу. Бұған   Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2024 жылға дейінгі жоспары аясында қол жеткізу көзделген. Қазақстан Әзербайжан, Түркия және Грузия елдерімен транзиттік тасымалдың   «тар» дәліздерін  синхронды жою  жұмысын бірлесе жүргізеді. Осы мақсата аталған елдермен Жол картасы құрылған.  Сондай-ақ 2026 жылға дейін экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы қабылданды.

Биыл 2 трлн. теңгеге жүзеге асқан 160 жобаның дені осы мақсатқа жетудің қамы. Олардың жалпы өндірістік қуаты 1,7 трлн. теңгені құрады. 1,1 трлн. теңгенің  өнімі сырт елдерге жөнелтілген.  Жыл басынан 60 шетелдік компанияны өзімізге көшіру бойынша нақты келісімдер жасалған. Оның үштен бірі релокацияланды. Өзгелері жүзеге асудың түрлі сатысында.