Қазақстандық күнбағыс майының экспорты екі жарым есеге артты

Қазақстандық күнбағыс майының экспорты екі жарым есеге артты

Energyprom ресурсының дерегінше, ішкі тұтынуда біршама өскен. Өзіміз бен сыртқы нарық сұранысын қанағаттандыру үшін өндіріс көлемі ұлғайтылған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша күнбағыс майы 2021 жылмен салыстырғанда 62%-ке көбірек шығарылған. Өсім негізінен тазартылмаған сұйық май есебінен артып отыр. Шамамен, әдеттегіден екі еседен артық өнім өндірілді. Өндіріс пен сұраныстың кең етек жаюы және шикізат құнының артуы дайын өнім бағасының қымбатауына әкеп соққан. Нәтижесінде, өткен  бір жылдың ішінде күнбағыс майын сату бағасы 17%-ға дейін көтерілген.