Қазақстанда өткен жылы екі трлн теңгеден астам сомаға көлік жасап шығарылды

Өткен жылы елімізде 2 трлн теңгеден астам сомаға көлік жасап шығарылды. Автобизнес қауымдастығының мәліметінше, бұл – соңғы 7 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр ресми дилерлер 123 мыңнан астам жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,3% көп. Сонымен қатар өткен жылы Қазақстанда автомобильдердің жаңа брендтері пайда болды, еліміздегі жұмыс істеп тұрған зауыттардағы құрастыру алаңдарында жасалатын көлік түрі көбейді. Ұлттық статистика бюросы берген мәліметке сүйенсек, 2022 жылдың он екі айында Қазақстанда барлық типтегі шамамен 114 мың көлік құралы шығарылды. Мықтылар көшін Қостанай облысы бастап тұр.

Мұнда 70 мыңнан сәл астам автокөлік құрастылған. Алматыдағы автокөлік зауыты өндіріс көлемін 37 мыңнан аса бірлікке дейін арттырды. Өндірілген автокөліктердің қалған үлесі Семей, Көкшетау және басқа облыстарға тиесілі. Сарапшылардың болжамынша, биыл да отандық автоөндірушілер өндіріс қуатын арттыруды жалғастыра отырып, елде жасалатын өнім санын көбейтеді.