Қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 755,1 млрд теңгені құрады

Қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 755,1 млрд теңгені құрады

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 18%-тен асып жығылды. Бұл мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы келтірді. Инвестициялар бойынша ең тартымды сала әлі де тау-кен өндіру өнеркәсібі. Оған салымның шамамен 43%-і тиесілі. Сонымен қатар шикі мұнай мен газ өндіруге ұлттық валютада 270 млрд-тен көп инвестиция құйылды. Екінші орында жылжымайтын мүлік операциялары. Оның үлесіне барлық инвестицияның шамамен бестен бірі, яғни 163 млрд теңге тиесілі. Ең аз инвестиция өңдеу өнеркәсібіне, металлургияға, көлік пен қоймаға салынды.