Сенат ЕАЭО аумағында навигациялық пломбаларды қолдану заңын қабылдады

Ал Қазақстанда мұндай тасымал 13%-ке ұлғайды. Мамандар, өсімге 2021-ші жылдан одақ шеңберінде навигациялық пломбаларды қолданудың пилоттық жобасының үлесі тигенін алға тартады. Сенат сынақ мерзімінде тиімділігін танытқан тиісті келісімді заң жүзінде қабылдады. Яғни бұдан былай бірыңғай кеңістікте тасымал жасайтын бар көлікке жерсеріктік жүйе арқылы бақыланатын арнайы техникалық құрылғы орнатылады. Бұл ең алдымен елдердің өзара алыс-беріс қауіпсіздігі және транзит ағынын арттыру қамы. Мәселен, 2019-2020 жылдары елде жалған импорттың 11 мыңға тарта, жалған транзиттің 20 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл жалпы одақ транзитінің 17%-ін құрады. Ел қазынасына 21 млрд теңге шығын келді. Жаңа жүйе ендірілген 2021 жылы заңбұзушылықтар бірден 26 есеге қысқарған. Есесіне бюджет толыға түсті.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- 21 жылы Еуразиялық экономикалық аймақ ішіндегі тауар айналымынан түсетін қосылған құн салығы 916 млрд тг дейін көтерілді. Яғни, бір жылың ішінде біз 236 млрд теңгеге көп алдық. 2022 жылы бұл қаражаттың көлемі 1 трлн 47 млрд теңгеге жетті. Яғни, жылдан жылға осы түсімдерге қатысты фактілер азайған сайын бюджетке қаражат көптеп түсуде. Сондықтан бұл пилотты біз әрі қарайда жалғастырамыз. Осы хаттама, келісім күшіне енгенен кейін екеуін ұштастырып әрі қарай өзіміздің мониторингімізді жүргізетін боламыз.