Шығыс Қазақстан облысында катодты мыс өндіретін ірі зауыт ашылады

Шығыс Қазақстан облысында катодты мыс өндіретін ірі зауыт ашылады

Бұл туралы Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланған кеңесте белгілі болды. Жобаны іске асыру Қазақстанға елеулі шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, сондай-ақ мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жаңа зауыт Қазақстан экспортын ұлғайтуға елеулі үлес қосады. Премьер-Министр талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға инвесторлармен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді тапсырды.