Алдағы бес жылда Қазақстанда үш ірі газ кен орнын іске қосу жоспарланып отыр

Биыл Анабай кен орнын пайдалануға беру жоспарлануда. Ондағы болжамды өндіріс көлемі жылына 16 миллион текше метрді құрайды. Сонымен қатар 2026 жылы Барханная кен орны іске қосылады. Онда 48 миллион текше метр газ өндіру жоспарланған. Ал Придорожное кен орны 2027 жылы іске қосылып, жылына 142 миллион текше метр газ өндіру көзделіп отыр.