Қазақстан мұнайы алғаш рет Баку-Тблиси-Джейхан бағыты арқылы транзитпен өтті

Қазақстан мұнайы алғаш рет Баку-Тблиси-Джейхан бағыты арқылы транзитпен өтті

Бұған дейін Әзербайжан мен Қазақстанның мұнай компаниялары қол қойған келісім жылына 1,5 миллион тонна шикізатты тасымалдауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда отандық мұнайдың кезекті партиясы жөнелтуге дайындалуда. Жалпы, жыл соңына дейін Каспий теңізі арқылы Ақтаудан Санғашал терминалына дейін 12-14 танкер өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының ұзындығы 1 мың 768 шақырым. Құбырдың өткізу қабілеті жылына 50 миллион тонна мұнайды құрайды.