Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын мақұлдады

Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын мақұлдады

Қордың бас кеңсесі Ыстамбұл қаласында орналасады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Түркі инвестициялық қоры құрылтай жиналысы өткен күннен бастап 20 жыл бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар басқарушылар кеңесі кез келген уақытта өз қызметін тоқтату немесе ұзарту туралы шешім қабылдай алады. Тағы бір айта кетерлігі, ол халықаралық қаржы ұйымы мәртебесіне ие болады.

Еске салайық, қордың құрылтайшылары Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан. Қорды құру туралы тараптар өткен жылдың қараша айында Самарқандта Түркітілдес мемлекеттер ұйымы аясында өткен саммитте келісті.