Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлерге инвесторлық виза енгізіледі

Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлерге инвесторлық виза енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты талабы – инвестиция көлемі кемінде 300 мың доллар болуы керек. Бұған дейін шетелдік кәсіпкерлерге тұруға ыхтиярхат алу құқығымен 10 жылға виза алу рұқсат алу мүмкіндігі берілетіні хабарланған еді.

Айта кетейік, ең алдымен Қазақстан экономикасына жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына салымдары, үстемақысы жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құруы, жаңа технологияларды және қызметтерді көрсетуі, яғни мультипликативті әсер беретін инвестициялар ескеріледі. Сонымен қатар этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану да жоспарда бар.

Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің м.а:

- Шетелде тұратын қандастардың тарихи отанымен тығыз қарым-қатынасын сақтау және олардың табысты бизнес істерін жүзеге асыру мақсатында «Ата жолы» картасын енгізу ұсынылды. Бұл картаның иелері жеңілдетілген визаға және 10 жылға дейін уақытша тұру құқығына ие болады.