2023 жылы Орталық Азияның ЖІӨ өсу қарқыны 4,1% болады

2023 жылы Орталық Азияның ЖІӨ өсу қарқыны 4,1% болады

Бұл туралы Боао Азия форумының жыл сайынғы баяндамасында айтылған. Аналитикалық құжатта атап өтілгендей, биылғы жылы Азия өңірі жалпы экономикалық өсу қарқынын үдетеді, сондай-ақ, өңірлік өнеркәсіптік, сауда-инвестициялық және қаржылық интеграцияны ілгерілетуді жалғастырады.

Айта кетейік, 28-31 наурыз аралығында Қытайда жыл сайынғы Боао Азия форумы ұйымдастырылып тұрады. Форумға Қазақстан атынан «Астана» халықаралық қаржы орталығы  қатысты.