Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге мұнай өндіруді қысқартуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Мәселен, мамыр айынан бастап «қара алтынды» өндіруді ерікті түрде тәулігіне 78 мың баррельге азайту көзделген. Тиісті ведомство бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлер кездесуінде қабылданған қосымша алдын алу шарасы екенін атап өтті.

Еске салайық, аталған жиында мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 2 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге альянс мүшелері кездесу жиілігін де реттеп алды. Мұндай жиын енді айына бір рет емес, екі айда бір рет өткізіледі.

Айта кетейік, келесі кездесу 4 маусымға жоспарланып отыр.