Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарына халықаралық стандарттар енгізілмек

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту шаралары талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалымен өткен жиында кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды. Министрлер кабинетінің басшысы саладағы жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыруда мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.