Қазақстан экономикасы 2023 жылы 3,5% дейін өседі – Дүниежүзілік банк

Халықаралық қаржы институтының жаңартылған болжамына сәйкес оң көрсеткішке  көмірсутегі секторындағы белсенділіктің, атап айтқанда мұнай өндірудің артуы есебінен қол жеткізіледі. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестиция тарту және үкіметтің қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғасасын табады. Сондай-ақ Дүниежүзілік банк сарапшылары елімізде инфляция деңгейі төмендейді деген болжам жасап отыр. Еске салайық, 2022 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,2%-ке өсті.