Қазақстан Түркияға 600 контейнер жасымық экспорттайды

Бұршақ дақылдары сыртқы нарықта сұранысқа ие. Мәселен, еліміз Түркияға жасымық жөнелтуге әзір. Барлығы 15 мың тонна өнімді экспорттауға келісімшарт жасалды. Жасымықтың алғашқы партиясы арнайы контейнерлерге тиеліп, жөнелтуге дайын тұр. Қазақстанда бұршақ дақылдарын өндіру және өткізу әлеуеті айтарлықтай жоғары, дейді сарапшылар. Осыған орай кейбір шаруа қожалықтары осы дақылдарды өсірумен айналысуды қолға алған.