Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек – Президент

Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек – Президент

Сондай-ақ Президент азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру жөнінде бірқатар міндеттерді  атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, байыпты макроэкономикалық саясат жүргізу, азаматтардың сапалы медицина мен білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету де маңызды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының айтуынша, елде жаңа зауыттар құру қажет. Президенттің аса көңіл бөлген мәселелерінің бірі – банктер бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға атсалысуы керек. Бұл ретте салық саясаты ерекше рөл атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев оның икемді болуы керектігін баса айтты. Сонымен бірге президенттің айтуынша, мемлекеттік басқаруды жетілдірмей, осы және басқа да мәселелерді шешу мүмкін емес.