Қазақстан бір жыл ішінде Қытайға 13,2 млрд теңгеге өнім экспорттады

Біздің еліміз бен аспан асты елі арасындағы сауда рекордтық деңгейге жетіп, 24 млрд доллардан асты. Қазақстандық өнімдердің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, америкалық валютада 13,2 млрд-ты құрады. Сонымен қатар елімізде қытай тауарларына да қажеттілік артып келді. Осыған сәйкес импорт 33,5%-ке өсіп, 11 млрд долларға тең келді. Республиканың сауда және интеграция министрлігінің келтірген деректеріне сәйкес Қазақстан Қытайға 1 млрд доллардан астам сомаға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын ұсынуға дайын.