Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды

Оның 122-сі қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған. Негізінен машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп пен металлургия салаларына қатысты. Жалпы ел бойынша өндіріс іргесі кеңейген сайын  оларға қажетті қуат көзінің де артып келетіні анық. Оның орнын толтыру қамында елде 2035 жылға дейін 17 ГВт-тан астам жаңа қуат көздері енгізілмек. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының берген  тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында белгілі болды. Сондай-ақ жиында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бүгінде 5 мыңға жуық ауылға тіршілік нәрі жеткен. 2025 жылдың соңына дейін қалған елді-мекендер толықтай орталықтандырылған желіге тартылады. Осылайша, ел бойынша бұл көрсеткіш 100% құрамақ.  Азық-түлік қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады. 2025 жылға дейінгі жалпы сыйымдылығы 340 мың тоннадан артық жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын 97 жобаны іске асыру көзделген. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов негізгі міндеттердің бірі инфляцияны биылғы жылдың соңына дейін 2 есе төмендету екенін еске салды. Салық, бюджет және тарифтік саясатты жаңғырту кезінде бірінші кезекте, азаматтар мен бизнестің мүдделері ескерілуі керектігін баса айтты.  

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Барлық енгізілген құралдар мен механизмдер алдымен халыққа ыңғайлы әрі түсінікті болуы қажет. Тұрғындардың шағымдарын әлеуметтік шиеленіске дейін жеткізбей, байыпты түрде шешу керек. Бұл, әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру және еңбек қатынастарына қатысты. Бұған Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталықтары ықпал ететін болады. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары халықтың проблемаларын шешу үшін осы ресурсты тиімді пайдалануы тиіс. Мемлекет басшысының әрбір тапсырмаларын жедел әрі тиімді орындау қажет.