Елордада жаңа жасыл энергетика нысаны пайда болуы мүмкін

Бұл ниеттері іске асса, оның қуатын алдыңғы кезеңде 50 мВт кейін екі есе ұлғайту көзделген. Бас шаһардың инвестициялық жоспарымен Астананың даму орталығы бөлісті. Сондай-ақ еуропалық бизнес еліміздің орталығында көміртекті талшық шығаратын зауыт салуға мүдделік танытқан. Кәрі құрлық кәсіпкерлері жаңа өндіріс ошағының құрылысына 80 млн еуро құюға дайын екендерін жеткізді. Жалпы соңғы үш жылда елодаға 3,9 млрд доллар шетелдік капитал тартылған. Былтыр қала экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі екі есе өсіп, 2 млрд 200 млн долларға жетті. Жалпы былтыр шаһардың дамуына рекордтық деңгейде қаржы салынған.  Инвестициялардың жалпы көлемі бір жарым трлн теңгені құрады. Сала мамандарының дерегінше, қаржының дені құрылыс, өнеркәсіп, логистика және білім беру мен денсаулық сақтау салаларына бағытталған. Мақсат  Астананың экономикалық-әлеуметтік ахуалын дамытуға серпін қосу.    

Ербол Қанафин, «Астана даму орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:

- Біздің компания бақылауында шамамен жалпы құны триллион теңгеге бағаланған 150-ден астам жоба бар. Көп бөлігі өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылып жатыр. Көлік-логистикасы жақсы дамып келеді. Әлеуметтік салааға да басымдық берілген. Жеке инвестициялар есебінен елордада 30-ға жуық мектеп құрылысының жобалары қолға алынды.  Білім ұяларының бір бөлігі қолданысқа берілді. Биыл тағы бірнеше оқу мекемесінің құрылысын аяқтап, іске қосу жоспарланған. Жалпы 2025-ші жылға дейін бірнеше жаңа мектеп ашу көзделген.