Сенат еркін экономикалық аймақтар туралы заңды мақұлдады

Сенат еркін экономикалық аймақтар туралы заңды мақұлдады

Кедендік рәсімдері одақтың Кеден кодексіне сәйкес қолданылады. Еркін аймақта кейбір тауарлардың болуына заңнамалық негізде тыйым салу мүмкіндігі жасалады. Сенаторлар осы және өзгеде басымдықтар көзделген арнайы экономикалық аймақтардың кедендік рәсіміне қатысты келісімге өзгерістер енгізу туралы құжатты мақұлдады.

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Хаттамаға сәйкес келісімнен кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде бекітілген нормалар алынып тасталады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және одақтың Кеден кодексі нормаларына сәйкес терминологияны өзектендіру көзделеді. Хаттамаға сәйкес еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын Арнайы экономикалық аймақ аумағы, Одаққа мүше мемлекеттің заңнамаларына сәйкес айқындалады.

Бұл ретте Қазақстан арнайы экономикалық аймақтардың инфроқұрылымына осы күнге дейін 450 млрд теңге бағыттағанын айта кеткен жөн. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, былтыр 360 млрд теңге ел қазынасына салық ретінде қайтқан. Қазіргі сәтте арнайы аумақтағы өндіріс ошақтары шығарған тауар көлемінің жалпы құны 7 трлн теңгеден асып, 450 млрд теңгенің отандық өнімі экспортталды.