Соңғы үш жылда 59 мыңнан астам қазақстандық бизнес жоба мемлекеттік қолдауға ие болған

Соңғы үш жылда 59 мыңнан астам қазақстандық бизнес жоба мемлекеттік қолдауға ие болған

Атап айтқанда, 1,5 трлн теңгеге 28 мың жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланды. Оның ішінде орта бизнестің жалпы сомасы 406 млрд теңге болатын 2,5 мыңнан астам жобасы қолдау тапты. Бұған қоса, 12 мың отандық субъектіге 487 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландыру ұсынылды. Оның ішінде 102 млрд теңгеге 167 орта бизнес өкілдерінің жаңа бастамалары қолдау тапты. Бұл жөнінде еліміздің Үкімет басшысы батыс өңірлерінің кәсіпкерлерімен кездесуде мәлімдеді. Жиын барысында балық саласын дамыту жайы талқыланды. Бұл негізінен жабдықтарды жаңарту, инфрақұрылымды жаңғырту, озық стандарттар енгізу және өнім экспортын арттыруға қатысты.

Сондай-ақ өңірдің мұнай-газ машина жасау, импортты алмастыру, мұнай сервисін қолдау, көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту, салық сынды басқа да бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Фармацевтикалық өнімдер өндірісін ұлғайту, отандық компаниялардың жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қолжетімділігін кеңейту жағы да назарсыз қалмады.