AIF: Халықаралық сарапшылар Қазақстанның энергетика саясатына жоға баға берді

Бүгінде шетелдік сарапшылар еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бастамаларына қолдау білдіруде. Астана халықаралық форумының спикері, британдық зерттеу университетінің президенті Тим Йеоның айтуынша, барлық елдер үшін  қазіргі энергетикалық саясаттың басты флагманы -климаттың өзгеруі. Қазіргі таңда күллі әлемдік қоғамдастықтың назары қорғашаған ортаға зиянын тигізетін зардаптарға аударылған. Олардың қатарында ауа температурасының жоғарылауы, қалыптан тыс табиғи апаттар, гидрологиялық режимдердің бұзылуы да бар. Сонымен қатар сарапшылар электр қуатының тапшылығын айтарлықтай азайту мақсатында елдерге, әсіресе, Қазақстанға энергетикалық саясатта жаңа тәсілдер қажет екенін атап өтті. Мамандардың болжамына сәйкес 2029 жылға қарай елімізде электр қуатына тапшылық 3 гигаваттқа жетеді. Халықаралық форум платформасы осы және қазіргі заманның басқа да жаһандық мәселелерін халықаралық  деңгейде талқылау арқылы, оны шешудің жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Тим Йео, AIF спикері, NNWI төрағасы:

- Форум – делегаттарға Астанада, Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азияда не болып жатқанын көрсетіп береді. Бұл бүкіл әлем үшін аймақтың ахуалымен етене танысуға берілген мүмкіндік деп ойлаймын. Қазіргі таңда әлемде, атап айтқанда энергетика саласында маңызды шешімдер қабылдануда, өйткені қазір бәріміз климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық сынаққа тап болып отырмыз. Бұл өз кезегінде бірқатар қиындықтарды тудыруда. Осыған байланысты біз таза энергия жүйесіне көшу арқылы бұл мәселені шешуіміз керек. Орталық Азия өңірі көмір мен газ өндіру арқылы энергетикалық секторда орасан зор рөл атқарады, сондықтан мұнда болып жатқан оқиғалардың әсері барлық салаға қатысты болады.

Александра Акирман, халықаралық сарапшы, AIF қатысушысы

- Астана халықаралық форумы бірқатар жаһандық мәселелерді талқылауға арналған деп есептеймін. Бізде жаһандық маңызы бар мәселелер жеткілікті.  Көміртегі бейтараптығы және су ресурстарын сақтау мәселелері талқылануда. Бұл форум осы күрделі мәселелерді шешу үшін өте маңызды алаңға айналып отыр.