Шымкенттік кәсіпкерлердің 13 млрд теңге несиесі пандемия кезінде кейінге қалдырылған

Шымкентте короновирус індетінен зардап шеккен 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субьектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылған. Бұл туралы ОКҚ өткен брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» баяндамасында қала әкімі  пандемия кезінде Президенттің шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырмасы толықтай жүзеге асырылғанын айтты.

МҰРАТ АЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалыпқа келтіру үшін 1482 субьектінің 13 млрд теңге несиесі төлемдерін кейінге қалдыру арқылы қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда қалада 72 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері бар. Онда 160 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28 процентті құрайды.

Шымкент қаласының жалпы бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге ұлғайып, 455,4 млрд теңгені құраған.

Қала әкімінің айтуынша, пандемияға байланысты мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық базасы, мәдени және спорт, басқада да басым емес шығындардан 9,5 млрд теңге оңтайландырылып, қысқарған қаржы денсаулық сақтау, қаланың дезинфекциясы, білім саласында онлайн режимге қатысты шығындарға бағытталған.