Ташкентте халыққа қызмет ету саласын жаңғырту жөніндегі ауқымды конференция өтті

Ташкентте халыққа қызмет ету саласын жаңғырту жөніндегі ауқымды конференция өтті

Қазақстанның мемлекеттік қызмет ісіндегі тәжірибесі Орталық Азияда үздік деп танылды. Бұл туралы Венеция комиссиясының өкілдері мәлім етті. Ташкентте халыққа қызмет ету саласын жаңғырту жөніндегі ауқымды конференция өтті. Оған қазақстандық делегация қатысты. Жиында Орталық Азия елдерінде демократияны дамыту және құқық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалды. Қазақстанда саланы цифрландырудың арқасында, мемлекеттік қызметтердің 90 процентін онлайн алуға мүмкіндік жасалған. 

Берік Беркімбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары:

– Бірнеше мемқызмет мекемелерін аралап қайттық. Ішінде қызмет көрсету мекемесі бар екен. Жалпы Қазақстандағы мемқызмет көрсету жүйесінен өзгешеліктер бар екен. Сол себепті мамандармен пікір алмасып, тәжірибе алмасатын боламыз.